Жел 18, 2016 14:44 Asia/Almaty
  • Назарбаевтың Путин және Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында Астанада Сирияның бейбіт келіссөздерін өткізу мәселесі талқыланды

Қазақстан Президенті ресейлік және түрік әріптестерімен телефон арқылы сұхбатта осы елдің елордасы Астана қаласында Сирияның бейбіт келіссөздерін өткізу мүмкіндігін талқылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті аппаратының қоғамдық қатынастар кеңсесі өзінің мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің ресейлік және түрік әріптестері Владимир Путин және Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатында Астана қаласында сириялық тараптардың арасында кездесу өткізу мүмкіндігін талқылағандығы хабарланды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті аппаратының қоғамдық қатынастар кеңсесі өзінің мәлімдемесінде: «Ресей мен Түркия басшылары Қазақстан үкіметімен телефон арқылы сұхбатта ең маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты»,-деп хабарлады.

Осы мәлімдеме бойынша, Түркия мен Ресей басшылары Астанада сириялық қақтығысушы тараптар арасында бейбіт диалог өткізуге ынта танытқан. Нұрсұлтан Назарбаев  та осы шараға қолдау көрсетіп, өз елінің осындай диалог өткізуге дайын екендігін мәлімдеген.

Осы мәліметке сәйкес, Ресей Президенті Владимир Путин  жұма күні  өзінің түрік әріптесімен келісіп, Қазақстанның Астана қаласында Сирияның бейбіт диалогын өткізуге ұсыныс жасады.

Астана диалогы Сириядағы бейбітшілік мәселесіне қатысты Женева диалогының орнын баса алады.  

 

Тегтер