Сирия туралы Астана келіссөздерінің бірінші кезеңі аяқталды
Астанада жанама түрде өткен Сирия бейбітшілік келіссөздерінің алғашқы кезеңі аяқталды.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран, Ресей, Түркия, Сирия үкіметі және қарсылас топтар делегацияларының қатысуымен өткен Қазақстанның елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің бірінші кезеңі 2 сағаттан кейін аяқталды.
Сирия үкіметі мен қарсыластар делегацияларының жанама келіссөздері жеке бөлмелерде өтіп, аттандырылған делегациялардың сөздері арағайын арқылы бір-біріне жеткізілді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осы келіссөздердің алғашқы баяндамашысы ретінде барлық тараптардың Астана отырысына қатысуын қолдап, осы отырыстың мақсаты Сирияға бейбітшілік пен тұрақтылықты қайтару болуы керек деп қуаттады.
БҰҰ-дағы Сирия өкілі әрі осы келіссөздегі үкімет делегациясының төрағасы Башар әл-Жафари: «Астана отырысының мақсаты жалпыға бірдей атысты тоқтату және ДАИШ пен "ән- Носрат майданы" лаңкестік топтарын қоспағандағ Сириядағы қақтығыстарды доғару болып табылады» деді.
Ол сондай- ақ Сирияда лаңкестікпен күресудің Түркиямен шекаралардың жабылуын қажет ететінін айтып: «Сондықтан атысты тоқтату тұрақтағанымен, атысты тоқтату келісіміне қол қойған топтар мен ұлттық ымыраға баруға ынталы топтар арасында келіспеушілік бар» деді.
Осы отырыстағы ресейлік делегацияның төрағасы әрі Ресей президентінің Сирия ісі жөніндегі арнайы өкілі Александр Лавентьев: «Сирияның түрлі аймақтарында ДАИШ пен "ән-Носрат майданы" лаңкестік топтарын жеңіліске ұшыратқан соң, осы елде өзгерістер жасауға болады» деді.