Сирия келіссөздерінің жаңа кезеңі АҚШ-тың әскери шараларының ықпалында өтті
(last modified Thu, 04 May 2017 08:21:24 GMT )
Maм 04, 2017 14:21 Asia/Almaty
  • Сирия келіссөздерінің жаңа кезеңі АҚШ-тың әскери шараларының ықпалында өтті

Астана келіссөздерінің төртінші кезеңі кеше, 3 мамырда басталды. Сирияға қатысты Астана келіссөздернің төртінші кезеңінде қатысушылардың құрамы бойынша бір ғана өзгеріс болды.

Сириялық қарсылас топтардың делегациясы өткен келіссөзге қатысқан адамдардан тұрады. Сирия жүйесі делегациясының басшылығы осы елдің БҰҰ-дағы өкілі Башар әл-Джафариге жүктелген. БҰҰ Бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура  бастаған осы ұйым делегациясы да Астанаға барды. Келіссөздерді бақылаушы Иран, Ресей мен Түркия елдері делегацияларының құрамында да ешқандай өзгеріс болмады. Ең маңызды өзгеріс –АҚШ өкілінің өзгеруі. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс істері жөніндегі орынбасары Стюарт Джонс АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орнына Вашингтонның өкілі ретінде Астана отырысына қатысты.

Келіссөздердің осы кезеңі Астана келіссөздерінің үшінші кезеңімен салыстырғанда көбірек кедергілерге ұшырады.

Астана-4 келіссөздерінің ең маңызды қиындығы АҚШ-тың 7 сәуірде Сирияның Хомс облысының аш-Шайрат әуе базасына қарсы әскери амал жасауы, сондай-ақ Израильдің Сирияның әртүрлі аудандарына бірнеше рет шабуыл жасауының әсерінен болды. АҚШ осы әрекетімен Сирияға қатысты келіссөздердің әсерлі болатыны туралы үміттердің солғындануына себеп болды.  Осындай жағдайда өткен мамыр айында өткен Астана мен Женева келіссөздерінің соңғы кезеңінде Сирия дағдарысына қатысты саяси шешім жолын табуға үміт ұлғайған еді. Тіпті Женева келіссөздерінің соңғы кезеңінде  алғаш рет Сирияның қарсыластар делегациясы мен Дамаск үкіметінің делегациясы бір-бірімен тікелей сөйлесіп, басты тақырып келіссөздердің жанама тақырыптарына қарағанда көбірек талқыланған болатын.  

Астана-4 келіссөздерінің келесі маңызды кедергісі сириялық қарсыластардың қайталамалы әрекеттерінің үлгісі болды. Сириялық қарсыластар келіссөздердің осы кезеңінде де Астана келіссөздерінің үшінші кезеңіндегідей бүлдіргі әрекеттер жасады. Кейбір хабарлар бойынша, сириялық қарсыластар кеше Астанадағы келіссөздерді кейінге қалдырып, бүгін қосылатын болады. Басқа ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша,  сириялық қарсыластар кеше Астанада болған, бірақ келіссөздерден шығып кеткен.  Қарсыластар олардың бақылауындағы аудандарға әуе шабуылдарын жасау тоқтатылған кезде ғана келіссөздерге қатысатынын айтқан деседі. Мұндай бүлдіргі әрекеттер бәрінен бұрын АҚШ-тың аш-Шайратқа шабуылы мен Израильдің Сирияға шабуылдарынан туындаған үміттерге негізделген сияқты.

Астана-4 келіссөздерін АҚШ-тың жаңа үкіметінің соңғы екі айдағы амал-әрекеттері салдарынан басталмай жатып жеңіліске ұшырады деп айтуға болады. Бұған қарамастан, келіссөздер Сирия дағдарысын шешу жолдарын табудың ең маңызды тәсілдерінің бірі болып қала береді. Келіссөздерді жалғастыру АҚШ-тың сәуір айындағы Сирияға қарсы әскери амалының салдарларын азайтып, Сирия дағдарысына қатысты келісімге келу туралы үміттерді арттыра алады.   

 

Тегтер