Қазақстанда Иран мен Канаданың көмегімен ортақ кәсіпорын салынады
(last modified Wed, 17 May 2017 16:51:20 GMT )
Maм 17, 2017 22:51 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Иран мен Канаданың көмегімен ортақ кәсіпорын салынады

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан, Иран және Канаданың "QazChem" деп аталатын ортақ кәсіпорны салынады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы кәсіпорын мұнай мен газ саласында жоғары сапалы химиялық өнімдер өндіретін болады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов: «Өткен жылы облыстық делегация инвестиция тарту мақсатында Иранға сапар шекті. Осы сапардан кейін бұл мәселе Қазақстанның инвестиция салу форумында нақтырақ талқыланды. Иранның Қазақстанға инвестиция салу мәселесі Нұрсұлтан Назарбаевтың Теһранға жасаған сапарында талқыланды. Осы сапар шеңберінде тараптар екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстанда Иран мен Канаданың көмегімен ортақ кәсіпорын салу туралы шешім қабылданып, тиісті құжаттардың барлығына қол қойылды» деді.

Кәсіпорынның директоры Әли Реза Саид Хосейн индустриалдық бөлімшенің қызметіне сілтеме жасап: «Кәсіпорында Қазақстанның заңдары бойынша жоғары сапалы химиялық өнімдер өндіріледі. Жақын болашақта мұнай және химиялық материалдар қоры бөлімі іске қосылып, 50- ден астам жаңа жұмыс орны қалыптасады» деді.