Қазақстан әскерилерге жалақы төлеуден рекорд жасады
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштеріне төленетін жалақының артқаны туралы хабарлады.
Тәуелсіздік пен Қарулы күштердің құрылғанының 25 жылдығына орай ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі, Қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық гвардия қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға артты. Қазақстан Қорғаныс министрлігі ақпарат қызметінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда қазақстандық әскерилердің жалақысы ТМД елдеріндегі басқа әріптестерінің жалақысымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары саналады. Мысалы, Қазақстандағы 5 жыл тәжірибесі бар лейтенант дәрежесіндегі әскери 590 доллар алатын болса, Ресейде 550 доллар, Өзбекстанда 360 доллар, Беларусьте 300 доллар, Украинада 260 доллар, Тәжікстанда 103 доллар көлемінде жалақы алады.