Қыр 15, 2017 16:26 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари Сирия істері жөніндегі Путиннің арнайы өкілімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Астана келіссөздеріндегі ирандық топтың басшысы Сирия істері жөніндегі Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесіп, пікір алмасты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, бұл кездесу кеше, бейсенбі күні Астанада өтіп жатқан сириялық келіссөздердің алтыншы кезеңінде орын алды.

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари бұл кездесуден кейін Telegram каналында: «Екі жақ Астана үдерісінің соңғы өзгерістері, қақтығыстарды азайту, сондай-ақ Астанадағы сарапшылық отырыстарда дайындалған құжаттардың жағдайы туралы пікір алмасты»,- деп жазды.

Хосейн Джабери Ансари бейсенбі күні Астанаға келді. Сирия келіссөздерінің екі күндік алтыншы кезеңі кеше, қыркүйектің 14 күні Қазақстанның елордасы Астанада басталды.

Сирия істері жөніндегі Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астанада өткізген кешегі ақпарат отырысында Астана  келіссөздерінің қауіпсіз аймақтар туралы нақты келісімге келгенін хабарлады.

 

 

 

Тегтер