Қазақстан Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздердің жетінші кезеңін өткізуге дайын
ҚР СІМ Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздердің жетінші кезеңінің 30-31 қазанда өтетінін жариялап: "Астана Сирия бейбітшілігіне қатысты көпжақты келіссөздерді өткізуге дайын",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР СІМ бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "Сириядағы атысты тоқтату бітімін кепілдендіруші елдер (Иран, Ресей мен Түркия) осы елдің бейбітшілігіне қатысты келіссөздерді 30-31 қазанда өткізуге келісті. Келіссөздердің бұл кезеңінде Сириядағы соғыста қаза болғандардың мәйіттерін жинаумен айналысатын жұмыс тобы құрылады. Сонымен қатар, келісімгерлер халықаралық лаңкестікпен күресудің жолдары жөнінде сұхбаттасатын болады",-деп хабарлады.
ҚР СІМ-нің хабарлауы бойынша, Мысыр да Ресей елшісінің шақыруымен Астана келіссөздеріне қатысуға дайын.