Қаз 29, 2017 21:03 Asia/Almaty
  • Келіссөздерге қатысатын ирандық топ Астанаға келді

Астана келіссөздерінің жетінші кезеңіне қатысатын Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари бастаған ирандық делегация жексенбі күні Қазақстанның Елордасына келді.

Астана келіссөздерінің жетінші кезеңі дүйсенбі, сейсенбі күндері Иран, Ресей, Түркия елдерінің делегациялары және Сирия үкіметі өкілінің қатысуымен Астанада өтеді. Бұдан бұрын қазанның 25 күні Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев пен Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари Сирия дағдарысын шешу мақсатында өтетін Астана отырысының жетінші кезеңінің жұмыс кестесі туралы пікір алмасқан болатын.

"Астана үдерісі" АҚШ үкіметінің қатысуынсыз Сирия дағдарысын шешу ісіне қатты ықпал еткен үдеріс болды.

 

  

 

Тегтер