Жел 21, 2017 20:48 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Астанада Путиннің арнайы өкілімен кездесіп, сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары және Астана келіссөздеріндегі Иранның жоғары лауазымды келіссөзшісі Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілімен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары және Астана келіссөздеріндегі Иранның аға келісімгері Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілімен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хосейн Джабери Ансари бейсенбі күні Қазақстанның астанасында басталған Сирия дағдарысын шешу туралы Астана келіссөздерінің сегізінші кезеңінің алғашқы күні Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьевпен кездесіп, Сириядағы соңғы саяси және майдандық өзгерістерді қарастырып, лаңкестікпен күрес, Сирия ұлттық келіссөздер конференциясын өткізу және шұғыл гуманитарлық көмектер саласындағы шаралар мен әрекеттерді жалғастыру жайында пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ Сирия дағдарысының саяси шешім үдерісінің маңызы мен оны тездетуге және гуманитарлық әрекеттерге, соның ішінде Сириядағы қақтығысушы тараптар арасында құрықталғандар, ұрланғандар мен мәйіттермен алмасу саласындағы әрекеттерге қатысты ИИР-ның шынайы көңіл бөліп отырғанын баса айтып, Иранның «сириялық-сириялық» келіссөздер үдерісі мен Сирия дағдарысын шешуге байланысты көзқарасын жеткізді.

Сонымен қатар Хосейн Джабери Ансари Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі және Қазақстанның бас қаласындағы келіссөздерге қатысушы сириялық делегацияның басшысы Башар әл-Джафаримен кездесіп, Сириядағы соңғы майдандық және саяси өзгерістер туралы пікір алмасып, «сириялық-сириялық» келіссөздердің Сирия дағдарысы үшін бейбіт шешім жолының көкжиектері және өтіп жатқан Астана келіссөздерінің күн тәртібі жайлы сұхбаттасты.

 

 

Тегтер