Жел 23, 2017 23:15 Asia/Almaty

Сирия дағдарысы жөніндегі Астана келіссөздері әлі жалғасуда. Келіссөздер маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішіндегі ең маңыздысы Сирияда шиеленіс азайған аймақтардың құрылуы саналады.

Астана келіссөздері шеңберіндегі Иран, Ресей мен Түркияның үшжақты отырысының сегізінші кезеңі кеше жұма күні Сирияның ұлттық сұхбаттар конгресін өткізу туралы келісімге келумен аяқталды. Бұл келіссөздер Сириядағы атысты тоқтату туралы бітіміне кепіл үш елдің жоғары келісімгерлері Хосейн Джабери Ансари, Александр Лаврентьев және Садат Оналдың қатысуымен Қазақстанның елордасы Астанада өтті.

Бірақ келіссөздер Сирия үшін қандай көкжиекті қарастыруда? Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы және Иран СІМ Таяу Шығыстың араб бөлігі істері жөніндегі бірінші департаментінің басшысы Мұхаммад Реза Деһқани Пуде Астана келіссөздері үдерісін сараптап: "Сирия дағдарысы бір доға пішіндес бағытта қатерлі жобалар мен кезеңдерді бастан өткерді. Сондай жобалардың бірі Сирия үкіметін биліктен құлатып, бұл елді Югославияда орын алған жағдай секілді бөлшектеу болды",- деді.

Қазір "Сирия жүйесін өзгерту" стратегиясы ДАИШ билігінің жеңіліс тауып, аймақтық және халықаралық стратегиялардың аймақта қауіпсіздікті қайта орнатуда әсерлі екендігін дәлелді. Осы орайда Сирияның алдына негізгі үш мақсат қойылды: ортақ саяси-қауіпсіздік әрекеттері шеңберінде аймақшылдықты сақтау; Сирияның территориялық тұтастығын сақтау; Сирия халқының пікірі мен дауыс беруінің негізінде шешім қабылдау. Басқаша айтқанда, БҰҰ-ның қолдауымен Иран, Ресей және Түркияның интеграциясы Сириядағы аймақтық шешім жолдарын тиімдірек пайдалануға ықпал жасады.

"Астана-8" келіссөздерінің қорытынды мәлімдемесіне сәйкес үш мемлекет осы дағдарыс саяси шешімге қол жеткізуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 (2015ж) қарарына сәйкес жан-жақты, азат, әділ және ашық үдеріс арқылы сириялықтардың басқаруымен Сирия халқы қолдайтын Конституцияға қол жеткізуге және қатысу құқығына ие барлық сириялықтың қатысуымен және БҰҰ-ның бақылауымен әділ сайлау өткізуге көмектесуге мүдделі.

Бұған қарамастан, АҚШ пен кейбір аймақ елдерінің, әсіресе Сауд Арабиясының арандатушылық әрекеттері әлі де Израильдің аймақтағы мақсаттары бағытында жалғасып жатыр.

Осы салада екі жобаны қарастыруға болады: біріншісі, Сирияның қазіргі жағдайын өзгерту;

Бұл жобаға сәйкес, АҚШ ДАИШ-тен кейінгі кезеңде Сириядағы өзінің әскери құзыры мен ықпалын сақтап қалуға талпыныс жасауда.

Екінші жоба – Сирияның сыртқы саясатын әлсіретіп, аймақтағы қарсыласу қозғалысының құрамдас бөліктерін жою. Израиль бұл үдерісте Сирияны әлсіз елге айналдырып, азамат соғысына шырмауды көздеп отыр.

Осы жобаларға сәйкес, Астана келіссөздерінің ұлттық сұхбаттасу өткізудегі маңызды мақсаты Сирияға геосаяси жағдайды сақтай отырып, қуатты ұлттық үкіметті пайдалануға көмектесу болып табылады. Бұл келіссөздердің стратегиялық құндылығы аймақтық ойыншылар ретінде бар назарды көпшіліктің ұзақ мерзімді қауіпсіздігі мен мүддесін көздейтін аймақшылдыққа аудару саналады.

Иран Сыртқы істер министрінің араб және Африка елдері істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабери Ансари жұма күні Астанада БҰҰ бас хатшысының Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен кездесуінде БҰҰ-ның аймақтық дағдарыстарды, әсіресе Сирия дағдарысын шешуде белсенді рөл атқаруы қажеттігін қуаттады.

 

 

Тегтер