Иран елшісі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрімен кездесті
(last modified Tue, 22 Jan 2019 10:20:40 GMT )
Қаң 22, 2019 16:20 Asia/Almaty
  • Иран елшісі Қазақстанның Денсаулық сақтау министрімен кездесті

ИИР-ның Қазақстандағы елшісі Маджид Сабер ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесіп, екі тарап мүдделік танытып отырған мәселелер жайлы сұхбаттасты.

Кездесуде Иран елшісі мен Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау және емдеу саласындағы әлеуеттер мен мүмкіндіктерді атап,  екіжақты ынтымақтастықтарды барынша арттыру және екі елдің денсаулық сақтау министрліктері арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою қажеттігін қуаттады.с

Осы мәліметке сәйкес, кездесуде екі жақ Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Біртановтың Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрімен кездесіп, сұхбаттасу үшін Теһранға сапармен баратыны жайлы келіскен.

 

Тегтер