Қазақстан Систан мен Белучистан облысындағы лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Mon, 18 Feb 2019 08:20:08 GMT )
Ақп 18, 2019 14:20 Asia/Almaty
  • Қазақстан  Систан мен Белучистан облысындағы лаңкестік шабуылды айыптады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Систан мен Белучистан облысындағы лаңкестік шабуылды айыптап, оқиғада қаза болғандардың отбасылары мен Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде лаңкестікке қарсы күресті қолдайтынын тағы мәлімдеп, осы салада халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, әлемдік лаңкестікке қарсы коалиция құруға мүдделік танытып, лаңкестік әрекетті ұйымдастырушылар мен олардың демеушілерін тез тауып, жазалау қажеттігін қуаттады.

Өткен сәрсенбі күні Систан мен Белучистан облысында Сақшылар корпусы күштерін   тасымалдайтын автобусқа жасалған лаңкес шабуыл салдарынан 27 адам шәһид болып, 13 адам жараланды.

Қылмыстың жауапкершілігін Әл-Қаиданың қарамағындағы "Джейш ул-Золм" лаңкестік тобы мойнына алды.

 

 

Тегтер