Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Грузияның ортақ сауда-экономикалық комиссиясының оныншы отырысы өтті
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Грузияның ортақ сауда-экономикалық комиссиясының оныншы отырысы екі елдің ұйымдары, министрліктері мен жеке компаниялары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Azer News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан мен Грузия делегациялары жұма күні Нұр-Сұлтанда екі елдің ортақ сауда-экономикалық комиссиясының оныншы отырысында сауда, өнеркәсіп, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, тасымал, коммуникация, ақпараттық технология және инновация, ғылым, туризм мен денсаулық сақтау салаларындағы әріптестікті кеңейту жолдарын талқылады.
Қазақстанның Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Грузияның Экономика мен тұрақты даму министрі Натия Турнава осы отырыста екі ел арасында тасымал әлеуеттерін арттыру аясында бәсекелестікке сай тарифтер жасау, жеткізу мерзімін азайту, "Транс Каспий" дәлізі арқылы тасымалды арттыру салаларында көбірек әріптестік жасауға келісті.