Нұр-Сұлтанда Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің он екінші кезеңінің қорытынды мәлімдемесі жарияланды
Сирия бейбітшілігін кепілдендіретін елдер (Иран, Ресей мен Түркия) Нұр-Сұлтан отырысының қорытынды мәлімдемесінде Сирияның аумақтық тұтастығын сақтау және осы елді лаңкестік топтардан тазарту қажеттігін қуаттады.
Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Иран, Ресей мен Түркия жұма күні Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің он екінші кезеңінің қорытынды мәлімдемесін жасап, әскери шешім жолымен Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға болмайтынын мәлімдеді.
Сирия бейбітшілігін кепілдендіретін елдердің мәлімдемесінде: "Әлемдік қауымдастық пен БҰҰ сириялық босқындардың өз елдеріне қайтуын жеңілдетуге талпыныс жасауы керек. Ал Сирия үкіметі босқындардың қайтып оралуына жағдай жасауға міндетті",-деп жазылған.
Осы мәлімдеме, сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Голан жоталарын Израильдің жері деп ресми түрде тануын айыптап, БҰҰ-ның қарарлары мен заңдарына берік болу қажеттігін баса айтты.
Нұр-Сұлтан отырысының он екінші кезеңіне қатысқан елдер Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің қорытынды кезеңін биылғы жылдың шілде айында өткізіп, Ирак пен Ливанды бақылаушы ретінде қатыстыруға келісті.