Қазақстанда бір танымал сарапшы тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде саяси сарапшы Константин Сыроежкиннің қамауға алынғанын растады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайдың саяси мәселелері жөніндегі сарапшысы және осы елдің стратегиялық зерттеулер орталығының аға зерттеушісі Константин Сыроежкиннің мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен қамауға алынғанын ресми түрде растады.
Осы мәлімет бойынша, 2019 жылдың 15 қаңтарында Сыроежкиннің үстінен мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен іс қозғалды.
62 жастағы қазақстандық саяси сарапшы ағымдағы жылдың 19 ақпанында қамауға алынған болатын, бірақ бұл істің егжей-тегжейі жарияланбаған еді.
Ол орыс, ағылшын және қытай тілдерінде мыңнан аса мақала жазып, 2006 жылдан бастап Қазақстанның стратегиялық зерттеулер орталығында қызмет істеген.