Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті
(last modified Sun, 09 Jun 2019 17:14:27 GMT )
Маусым 09, 2019 23:14 Asia/Almaty
  • Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті

9 маусымда Қазақстанда 7 үміткердің бәсекелестігімен кезектен тыс президенттік сайлау өтті.

Бұдан бұрын Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы елдің уақытша Президенті әрі "Нұр-Отан" партиясының үміткері Қасым-Жомарт Тоқаевпен қоса, "Ақ жол" партиясының үміткері Дәния Еспаева, "Ұлт тағдыры" бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов, "Ауыл" партиясының үміткері Төлеутай Рақымбеков, "Ұлы дала қырандары" қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының үміткері Сәді-бек Түгел, Қазақстан Коммунистік халық партиясының үміткері Жамбыл Ахметбеков және Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының үміткері Амангелді Таспиховтің 9 маусымда президенттік сайлауда бір-бірімен бәсекеге түсетінін хабарлады.

Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауы осы елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші рет сайлауға түспеген жағдайында өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстанның мемлекеттік арналары арқылы халқына жолдау жасап, өзінің биліктен кететінін жариялады.

Назарбаев бұл жолдауда Тоқаевтың ел Парламентінде жаңа президент ретінде ант беретінін айтып, өзінің отставкаға кету туралы бұйрығына қол қойды.  Назарбаев бұл стратегияның қисынды нәтижесі туралы: "Ел Конституциясы біртіндеп өзгертілуі керек. Оның негізінде елдегі билік қазақ халқының салт-дәстүрін назарға ала отырып, Президент пен Парламент арасында бөлінуі керек",-деді.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 98,7 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Президенті болып сайланды. Сол кезден бастап ол 28 жыл бойы Орта Азияның ең үлкен мемлекетін басқарды. Назарбаев биліктен кеткенімен, сарапшылар оның саяси билік құрылымынан кетуін екіталай санайды. Шын мәнінде, Назарбаев Қазақстандағы саяси билік сахнасы артында өзінің бағдарламаларын орындауды жалғастыруы ықтимал.

Қазірдің өзінде Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін ұстауды жалғастыратынын болжауға болады. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев өзінің орнын басушыны таңдау арқылы шын мәнінде оны толығымен қолдайтынын көрсетті. Бұл Қазақстанның уақытша Президенті бұл елдің билігін қолына алуға лайықты адам дегенді білдіреді. Осыған орай ресейлік саяси сарапшы Александр Князев былай деді: "Қазақстанның 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өткізудегі мақсаттарының бірі –  Назарбаевтың орнын басушыға қатысты қобалжуларды азайту. Қазақстанда қазіргі Президенттің орнын баса алатын бірқатар саясаткер бар, бірақ әлі күнге дейін ешбір ресми орган немесе қоғам мұндай жауапкершілікті жүз пайыз солардың бірінің мойнына артуға дайын емес".

Мына шындыққа да көз жұма қарауға болмайды: Қазақстанда оппозиция мықты әлеуметтік базаға ие емес. Бұған қарамастан, бүлік тудыруға ықпал ететін мәселелерді өршітуге талпыныстар жасалып жатқан сыңайлы. Бұл салада Қазақстанда белсенділік жасап жатқан пан-ұлтшыл ұйымдардың көбі  елден тысқары жердегі пантюркистік ұйымдар тарапынан қаржылай қамтамасыз етіліп жатқанында күмән жоқ.