Иран мен Қазақстанның екіжақты ынтымақтастығын дамыту қажеттігі қуатталды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i48929-Иран_мен_Қазақстанның_екіжақты_ынтымақтастығын_дамыту_қажеттігі_қуатталды
ИИР-ның Алматыдағы бас консулы мен Алматы облысының әкімі екі елдің қарым-қатынасын дамыту, әсіресе облысаралық әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 12, 2020 12:36 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның екіжақты ынтымақтастығын дамыту қажеттігі қуатталды

ИИР-ның Алматыдағы бас консулы мен Алматы облысының әкімі екі елдің қарым-қатынасын дамыту, әсіресе облысаралық әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттады.

ИИР-ның Алматыдағы бас консулы Мохсен Фағани бейсенбі күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесіп, Иран облыстарының Қазақстанның облыстарымен түрлі салада әріптестік жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Фағани Иранның Еуразия экономикалық одағымен преференциялық сауда келісіміне қол қоюын екіжақты әріптестікті дамытуға жасалған жағдай деп атады.

Осы кездесуде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: «Иранмен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы  мен туризм салаларында әріптестік жасау үшін Алматыда өте жақсы әлеуеттер бар»,-деді.