Қазақстан Президенті Каспий теңізін пайдалану жобасына енгізілген өзгерістерге қол қойды
(last modified Thu, 25 Feb 2021 11:23:42 GMT )
Ақп 25, 2021 17:23 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Каспий теңізін пайдалану жобасына енгізілген өзгерістерге қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізін пайдалануға қатысты кейбір құқықтарды айқындау және өзгерістер енгізу жобасына қол қойды.

Қазақстан Президенті: «Бұл өзгерістер басқа елдермен әріптестік жасау жолында Қазақстан республикасының Каспий теңізіндегі балық аулау аймағында биологиялық қорларды табу үшін монополиялық құқықтарының сақталуын бақылаудағы мүддесін анықтайды»,-деп мәлімдеді.

Каспий теңізі маңындағы кейбір елдер, соның ішінде Қазақстан осы теңіздегі тірі және тірі емес көздерді пайдалануға ерекше ықылас білдіріп отырғанға ұқсайды.

2018 жылы тамыз айында қол қойылған келісімге сәйкес, Каспий теңізінің маңындағы әрбір елге өз жағалауынан 25 миль қашықтықта балық аулауға рұқсат берілген.

Балық аулау үшін осындай қашықтық белгілеу – Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесі туралы келісімнің басты ерекшелігі. Бұған дейін Каспий теңізі маңындағы елдер тек жағалаудан 10 миль қашықтықта балық аулай алатын болған.

Алайда мәселе мынада: Каспий теңізінің маңындағы елдердің келісімінде көршілердің «бастапқы сызығы» белгіленбеген. Яғни елдер балықшыларға теңіз жағалауынан 25 миль қашықтықта балық аулауға рұқсат бергенімен, бұл 25 мильдің қай жерден басталатыны белгісіз. Әлі күнге дейін ештеңе бөлінген жоқ, «бастапқы сызықты» анықтау алдағы келіссөздерге қалдырылды.

Осыған байланысты, халықаралық құқықтар жөніндегі ұстаз әрі теңіздердің құқығы жөніндегі сарапшы доктор Джамшид Момтаз: «Бастапқы сызық белгіленбейінше шекара сызығы да анықталмайды. Сондықтан конвенцияны тиімді орындау да бастапқы сызықты белгілеуге тікелей байланысты»,-деді.

Осы салада Каспий теңізі маңындағы бес ел – ИИР, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан мен Түркіменстан басшылары  БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқық ережелері мен принциптеріне сүйене отырып, тату көршілестік принципін сақтап, тараптар арасындағы түсіністікке иек артып, Каспий теңізін бейбіт мақсаттарда пайдалану және оның биологиялық қорын ақылмен басқару үшін 2018 жылы 12 тамызда «Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесі туралы» конвенцияға қол қойды.

Каспий теңізі маңындағы елдер арасында бірнеше маңызды әріптестік құжатына қол қойылғанына қарамастан, Қазақстан сияқты елдер тек қана теңіз түбіндегі қуат көздері мен су жануарлары қорын пайдалануды күн тәртібіне қойып отырған сыңайлы. Бірақ Қазақстан Каспий теңізінде экологиялық жобаларды орындауға ықылас білдірмей отыр.

Теһранда қол қойылған экологиялық конвенцияның мақсаттарының бірі Каспий теңізі маңындағы елдерге міндеттеме беру мақсатында экологиялық құқық туралы құжат дайындау болған. «Каспий теңізінің экологиясын сақтау конвенциясы» деп аталған бұл құжатқа 2003 жылы 4 қарашада Теһранда Каспий теңізі маңындағы елдердің Қоршаған орта министрлері мен өкілетті елшілері тарапынан қол қойылды. Оны «Теһран конвенциясы» деп те атайды.

Каспий теңізін ластау жыл өткен сайын артып келеді. Ал негізі Каспий теңізінің экологиясын сақтау конвенциясына қол қою және оны орындау теңізді тазарту және қайта жаңғырту үшін ең маңызды шешім жолына айналуы тиіс еді.