Қазақстанда жаңа мұнай кен орны ашылды
Қазақстан Маңғыстау облысында жаңа ірі мұнай кен орны табылғанын хабарлады.
Маңғыстаудың жергілікті басшылары: «Бұл кен орнын Meridian Petroleum деп аталатын компания игереді»,- деді. Қазіргі экономикалық жағдайда мұнай кен орнының ашылуы - Қазақстан үшін жақсы жаңалық. Тағы бір жағымды жағы - табылған кен орнында мұнай күкірті аз болып көрінеді, бұл Қазақстанның басқа аймақтарында өндірілетін мұнайға қарағанда өңдеу мен тасымалдауды жеңілдетеді.
Meridian Petroleum-нің президенті Балтабек Қуандықов бұл жаңалықты Қазақстан үшін тарихи оқиға деп атады. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумов: «Бұл мұнай кен орны аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейтіп, жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді»,- деді.
Қазақстандық басшылар: «Кен орнының әлеуетті қорын анықтау үшін көбірек зерттеулер қажет»,- деді. Мангыстау облысында Қазақстанның жалпы мұнай мен газ конденсатының 25 пайызы өндіріледі.