Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр
(last modified Tue, 30 Mar 2021 12:48:19 GMT )
Нау 30, 2021 18:48 Asia/Almaty
  • Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр

Қазақстанның Аса қауіпті жұқпалы ауруларды зерттеу орталығы елде коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынағының соңғы кезеңі өтіп жатқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің Ташкенттен хабарлауынша, Қазақстанның Аса қауіпті жұқпалы ауруларды зерттеу орталығы өзінің ресми сайтында: «2020 жылдың басында осы орталықтың келісімшарты бойынша COVID-19-ға қарсы вакцина жасау мақсатында ортақ зерттеулер жүргізіле бастады, қазір екі вакцина өндірілді»,-деп жазды.  

Осы орталықтың мәліметіне сәйкес, NARUVAX-C19 және NARUVAX-C19/Nano деп аталатын екі вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үміткер вакциналар тізіміне тіркеліп, қазіргі таңда клиникалық сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр.

Қазақстанның Аса қауіпті жұқпалы ауруларды зерттеу орталығы: «Зерттеу тобының шұғыл әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде SARS-CoV-2 вирусының қысқа мерзімде «британ» және «оңтүстікафрикалық» штаммға айналған түрінің Қазақстан аумағында таралып жатқаны расталды»,-деді.

Тегтер