Жел 06, 2021 23:13 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан басшылары инвестиция туралы кеңесті

Өзбекстан мен Қазақстан басшылары шекаралық аймақтардағы ұйымдардың қарым-қатынасын дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Сардар Өмірзақов пен оның қазақстандық әріптесі Роман Скляров Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, осы келісімге қол жеткізді.

Ортақ инвестициялық жобаларды уақытында орындау үшін жұмыс кестесін белгілеу және 2022 жылға екіжақты әріптестіктің кейбір бағдарламаларын реттеу, мамандандырылған көрмелер мен бизнес форумдар өткізу Өзбекстан мен Қазақстан Премьер-министрлерінің орынбасарлары қол жеткізген келісімдердің қатарына жатады.

Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі елдің сауда айналымы 2021 жылдың 11 айында 3 млрд 100 млн долларға жетті.

Қазіргі таңда Өзбекстанда 260 компания Қазақстанның инвестициясымен құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда, тамақ өнеркәсібі, металлургия және көлік жасау салаларында жұмыс істейді.

Тегтер