Қазақстан Парламенті Ресеймен әскери ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады
Ақп 19, 2022 23:53 Asia/Almaty
ҚР Парламенті Сенаты жалпы отырыста Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім жобасын мақұлдады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге 2020 жылы 16 қазанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған. Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов Парламент депутаттарына: «Келісім екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі жаңарту және кеңейту мақсатында жасалды»,- деді.