Қазақстан мен Мысыр басшыларының экономикалық кеңесі
Ақп 26, 2022 19:01 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті мысырлық әріптесімен телефон арқылы сөйлескен кезде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты арттыруға шақырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Абдәл Фаттах әл-Сисимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты сауда ынтымақтастығы келешегін талқылады. Тоқаев бұл сұхбатында: «Қазақстан мен Мысыр қатынастарының мүмкіндігі толық қолданылмады және екі ел өз экономикалық қатынастарын кеңейте алады»,- деді.
Мысыр Президенті де сондай-ақ Қазақстанмен экономикалық өзара іс-қимыл екі елге экономикалық пайда әкелетінін және Нұр-Сұлтан-Каир екіжақты ынтымақтастығын арттыратынын айтты.