Қазақстан бидай экспортын тоқтату туралы шешім қабылдады
Украинадағы соғысқа алаңдауларына байланысты Қазақстан бидай экспортын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Қазақстан дүниежүзіндегі ең маңызды бидай экспорттаушылардың бірі болып табылады. Өнімдерін 70 елге экспорттайтын ел бидай экспортын тоқтату шешімнің уақытша болатынын айтты.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мұндай шешімге ел халқының азық-түлік қауіпсіздігі себеп болғанын айтты. Ол бидайдың басқа елдерге экспортталуына салынған тыйымның аяқталатын күнін нақтылаған жоқ.
Қарашөкеев: "Украина соғысы мен ресейлік бидай экспортының тоқтатылуы және оның салдарынан осы ауылшаруашылық өнімінің әлемдік нарықтағы бағасының өсуіне байланысты қазақстандық сатушылар бидай мен ұнын ел ішінде емес, шетелге сатуды жөн көруде. Үкімет бұл жағдайдын алдын алу үшін экспортты тоқтату туралы шешім қабылдады",- деді.