Қазақ қайраткері: Нұр-Сұлтан үкіметі Донецк пен Лугансктің тәуелсіздігін ресми түрде танымайды
Қазақстан Сыртқы істер министрі: «Нұр-Сұлтан үкіметі қазіргі таңда Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін ресми түрде танымайды»,-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтың «Нұр-Сұлтан үкіметінің Донецк пен Луганск халық республикаларына қатысты ұстанымы» жайлы сөздеріне тоқталып, оның сөзін растады.
Мұхтар Тілеуберді «Т. Сүлейменовтың сөздерін Қазақстанның ресми ұстанымы деп тануға бола ма?» деген сауалға жауабында: «Сүлейменов – Қазақстанның бір ресми тұлғасы. Сондықтан оның сөздері ресми сипатқа ие»,-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі: «Біз қазіргі таңда Донецк пен Луганск халық республикаларын ресми түрде танымаймыз. Бірақ Еуроодақ пен АҚШ-ың Ресейге қарсы санкцияларына қосылмаймыз»,-деді.
Қазақ дипломаты: «Қазақстан үшін екі мәселе өте маңызды. Біріншіден, санкциялар ел экономикасының дамуына теріс әсер етпеуі керек. Екіншіден, Қазақстан жері санкцияларды айналып өту үшін қолданылмауы керек»,-деді.
Бұған дейін Қазақстан Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Euractiv басылымына берген сұхбатында алғаш рет Украинаның жағдайын соғыс деп атап, «Қазақстан АҚШ пен Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларын айналып өтетін құрал болмайды» деген болатын.