Ғасыр саңлағы – Дінмұхамед Қонаев
(last modified Tue, 19 Apr 2022 10:17:14 GMT )
Сәу 19, 2022 16:17 Asia/Almaty
  • Ғасыр саңлағы – Дінмұхамед Қонаев

Қазақстанның Тұңғыш президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарымыздың рухани тұрғыдан жаңғыруына ықпал ететін киелі жерлерді насихаттау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЖОО-на дейінгі білім беру кафедрасының тыңдаушылары (www.kaznu.kz.) Алматы қаласының киелі жерлеріне саяхат жасауды жалғастыруда.

Осы жолы тыңдаушылар Д.А.Қонаевтың мұражай-үйін тамашалады. Саяхаттың басты мақсаты – тыңдаушылардың танымдық көзқарасын, дүниетанымын кеңейту және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді арттыру болып табылады.

1994 жылдың 24 ақпанында Елбасының «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында» қаулысы шыққан. Мұражайда Қонаевтың бюсті, жеке қолданған заттары, портреттері, кілемдері, тарихи құжаттары бар. Жәдігерлердің жалпы саны — 2999. Қонаевтың шынайы тұлғасын анық ашуға, яғни оны қарапайым тұлға ретінде көрсетуге «Қонаев кабинеті» мемориалдық орны кең мүмкіндік береді.

Бұл орын Қонаевты тек мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, шынайы өмірде болған тұлға ретінде де ашып көрсетеді. Түпнұсқалардың мемориалды мұражайда ерекше қызығушылық туғызатыны белгілі.

Тыңдаушылар мұражай қызметкеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып сабақта алған білімдерімен сабақтастыра білді. Алған әсерлерімен бөлісті. Тыңдаушылардың бойында патриоттық, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты деген ойдамын. Өзім де қатты әсер алдым. Елім, жерім деп еңіреген ердің еткен еңбектері мен адами болмысы мені қатты толғандырды.

Марина Бекболат

ҚХР

Қазақ Ұлттық университетінің

ЖОО-на дейінгі білім беру кафедрасының тыңдаушысы

Тегтер