ТМД миссиясы Қазақстандағы референдумды оң бағалады
(last modified Tue, 07 Jun 2022 13:02:22 GMT )
Маусым 07, 2022 19:02 Asia/Almaty
  • ТМД миссиясы Қазақстандағы референдумды оң бағалады

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) бақылаушы тобының басшысы Қазақстандағы конституциялық референдумның аздаған бұзушылықтармен өткенін мәлімдеді.

«Fars news» агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ТМД бақылаушы тобының басшысы  Леонид Анфимов баспасөз отырысында: «Қазақстанда конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум жақсы ұйымдастырушылық деңгейде және қолданыстағы заңдарға сәйкес өтті. Бірақ ТМД бақылаушыларының бұл маңызды саяси оқиғаға қатысты бақылаулары іргелі емес, техникалық сипаттағы бірқатар бұзушылықтарды көрсетті»,- деді. Анимов бұл бұзушылықтардың референдумның жалпы көрінісін бұзбайтын егжей-тегжейлер екенін атап өтіп: «Қазақстан азаматтарының референдумда еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалған», - деп қосты.