Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу қою уақыты ұзартылды
(last modified Fri, 17 Jun 2022 15:56:21 GMT )
Маусым 17, 2022 21:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанда астық пен ұн экспортына шектеу қою уақыты ұзартылды

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортына шектеуді 30 қыркүйекке дейін ұзартқанын хабарлады.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылдың сәуір айында бидай мен ұн экспортын 15 маусымға дейін шектеу туралы қаулы шығарып, оған сәйкес бидайдың экспорттық квотасы бір миллион тонна және ұн 300 мың тонна болып белгіленді. Өз кезегінде қазақстандық бидай мен ұн өндірушілері ішкі нарыққа 10 пайызын бекітілген және төмен бағамен жеткізуге міндеттелді. Бұл мәліметте айтылғандай, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа мәлімдемесінде: «Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады",- деп көрсетілді.

 

Тегтер