Қазақстан Президенті Катарға келді
Маусым 21, 2022 14:14 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Катар Әмірінің шақыруымен Дохаға келді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірі Тамим бен Хамад әл-Танидің жеке шақыруымен Дохаға келді.
Тоқаев бүгін «Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үдерісін теңгеру» атты Катар экономикалық конференциясына қатысуда. Сапар бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Президенті Дохада Катар Әмірімен де кездеседі.
Қазақстан мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы орнатылған.