Базрпаш өзінің қазақстандық әріптесімен кездесті
Иран Есеп комитетінің басшысы ЭЫҰ-ға мүше елдердің есеп комитеттері ассоциациясының тоғызыншы жиналысы аясында Қазақстанның Есеп комитеті басшысымен сұхбаттасты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехрдад Базрпаш осы кездесуде Қазақстанның Есеп комитеті басшысының қонақжайлылығына алғыс айтып, ЭЫҰ-ға мүше елдердің есеп комитеттерінің ассоциациясын үш жыл басқарғанына ризалық білдіріп, бұл елді Иранның стратегиялық серіктесі деп атап, екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғарылату керегін айтты.
Мехрдад Базрпаш: "Каспий теңізі мен ондағы қоршаған орта мәселелері – Иран мен Қазақстанның есеп комитеттерінің ортақ жұмысы ретінде назарға алына алатын тақырыптардың бірі",-деді.
ИИР Есеп комитетінің басшысы Қазақстаннан астық сатып алу туралы жуырда жасалған келісімге тоқталып, оны ауыл шаруашылығы өнімдерімен алмасу саласындағы алғашқы қадам деп атап, назардан тыс қалған әлеуеттерді пайдалануға шақырды.
Осы кездесуде ЭЫҰ-ға мүше елдердің есеп комитеттерінің ассоциациясының тоғызыншы жиналысын басқарған Наталья Годунова Базрпаш пен ол бастап келген делегацияға қошемет көрсетіп, ирандық әріптесінің конструктивті ұсыныстарын қолдап, екі елдің есеп комитеттері арасында ортақ ынтымақтастық меморандумын қайта жаңартуды сұрады.
Ол Иранның "Ақпараттық технологиялар аудиті бойынша жұмыс тобын" құру туралы жобасына тоқталып, Қазақстанның осы жұмыс тобына қосылатынын ресми түрде жариялады.