Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың ашық және жасырын тұрғылары
(last modified Wed, 31 Aug 2022 13:09:35 GMT )
Там 31, 2022 19:09 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтың ашық және жасырын тұрғылары

Қазақстан мен Арменияның үкімет өкілдері екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуді талап етті.

Кеңес Одағынан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар ішінде Қазақстан мен Армения әрқашан қолайлы және дамып келе жатқан қарым-қатынаста болды. Екі елдің ресми өкілдері экономикалық және саяси салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың кеңеюін  әрқашан қуаттады. Дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстанның ресми тұлғалары Кавказ аймағы мен Орталық Азиядағы басқа елдердің ресми өкілдерімен кездесіп, екіжақты және аймақтық ынтымақтастықты мүмкіндігінше кеңейтуге баса назар аударды. Қазақстан мен Армения дипломатиялық мекемелері  басшыларының Нұр-Сұлтанда өткен кездесуі барысында тараптар ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясындағы бірлескен аймақтық ынтымақтастыққа ризалығын білдірді.

Қазақстан мен Арменияның ынтымақтастығы екіжақты және аймақтық аспектілерде өте маңызды екені анық. Өткен аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Әзірбайжанға   сапары барысында Нұр-Сұлтан мен Баку әртүрлі салалардағы ынтымақтастық туралы он құжатқа қол қойғанына көңіл бөлсек, бұл ынтымақтастықтардың маңызы арта түседі. Баку үкіметіне қарасты БАҚ осыған ұқсас жағдайдағыдай, Тоқаевтың сапарын аймақтық деңгейде  Ильхам Әлиев  үкіметінің табысты қызметі ретінде таныстыруға талпынды. Ердоған үкіметіне қатысы бар кейбір ақпарат құралдар да осындай әрекет жасады. Негізінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан үкіметі аймақтың барлық елдеріне, әсіресе Орталық Азия мен Кавказ республикаларына бейбітшілік пен достық жолдауын жолдады. Мұндай жағдайда Қазақстан мен Арменияның екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударуы Баку мен Анкараның БАҚ насихатын бейтараптандыру ретінде қарастырылуы керек. Шындығында, бұл кездесу Қазақстан мен Арменияның ресми өкілдері тарапынан аса жоғары деңгейде өтпегеніне қарамастан,   Нұр-Сұлтан мен Ереван шенеуніктерінің екіжақты ынтымақтастықты арттыруға баса мән беруі Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ аймағына меншік құқығына қатысты дау кезінде Қазақстанның бейтараптығын көрсету әрекеті екені даусыз. Қазақстан мен Арменияның аймақтық ұйымдарға, соның ішінде ҰҚШҰ-на мүше болуына байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынас Кавказ аймағындағы басқа елдермен салыстырғанда қолайлы жағдайда. Үстіміздегі жылдың қаңтарында Қазақстанның 20 қаласында өткен наразылықтар кезінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның уақытша басшысы ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметіне сындарлы қызмет көрсетті. Қаңтар айында Қазақстанның жиырма қаласында АҚШ пен Англияның қастандығы және кейбір батыс үкіметтері мен аймақтық елдің көмегі арқылы түрлі-түсті төңкеріс жасауды мақсат еткен жағдайда  Тоқаев үкіметі күйреуге жақындап қалды. Бірақ Армения премьер-министрі  көмегі мен Ресейдің әскери көмегі Батыс үкіметтерінің Қазақстандағы интервенциялық саясатының сәтсіздікке ұшырауына негіз болды.

Осыған байланысты, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының орынбасары, саяси мәселелер жөніндегі қазақстандық сарапшы Санат Күшкімбаев қаңтардағы наразылықтардың қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік таптар мен кедейлік пен теңсіздіктің жай-күйі арасындағы алшақтықты көрсеткенін атап өтіп: «Қаңтардағы наразылық тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі дағдарыс болды. Жасырын жұмыссыздық, табыс теңсіздігі, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық, аймақтардың дамуындағы үлкен теңгерімсіздік сияқты мәселелер шетелдік үкіметтердің төңкеріс жасау үшін пайдаланбақ болған басты проблемалары болды»,- деді.

Қазақстан үкіметі мен басқарушы органына үлкен сілкініс әкелген қаңтардағы наразылық акцияларының маңыздылығына байланысты Нұрсұлтан үкіметі теңдік орнату үшін Қазақстанның бұрынғы үкіметіне қатысы бар көптеген шенеуніктерді жұмыстан босатып,  Ата заңға өзгертулер енгізді. Қаңтардағы Қазақстанның қиын жағдайын ескере отырып, Арменияның Қазақстанға көрсеткен көмегі Әзірбайжан мен Түркиямен салыстырғанда екі жақтың өзара ынтымақтастық үшін мүмкіндіктері мен өрістерінің көбірек екенін дәлелдеді. Сондықтан Қазақстан мен Арменияның бірнеше аймақтық ұйымдарға біріккен мүшелігінің арқасында екі елдің екіжақты және аймақтық ынтымақтастық алаңдары көбірек екені анық. Олар бұл шарттарды екіжақты және аймақтық ынтымақтастықты жақсарту үшін пайдалана алады.

 

 

 

Тегтер