Қазақстанда азық-түлік бағасы 23 пайызға өсті
(last modified Mon, 07 Nov 2022 14:56:32 GMT )
Қар 07, 2022 20:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанда азық-түлік бағасы 23 пайызға өсті

Биыл Қазақстанда азық-түлік бағасы өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға өсті.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, биыл қазан айында азық-түлік бағасы өткен жылмен салыстырғанда 23,1 пайызға, тауарлар 17,9 пайызға және қызмет түрлері 13,5 пайызға өсті.

Осы мәлімет бойынша, азық-түлік бөлімінде бәрінен бұрын қант 74,3 пайызға, арпа 45,5 пайызға өсті. Басқа кейбір тауарлардың бағасы да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артты.     

Экономикалық сарапшылар: "Қазақстанда азық-түлік пен тауарлар бағасының өсу процесі жалғасады",-деді.   

Тегтер