Қазақстан «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің маңыздылығын қуаттады
(last modified Wed, 28 Dec 2022 07:56:05 GMT )
Жел 28, 2022 13:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізінің маңыздылығын қуаттады

Қазақстан Президенті ТМД басшыларының кездесуінде «Солтүстік-Оңтүстік» транзиттік жолының маңыздылығын және бұл дәліздегі Иран, Түркіменстан және Қазақстанның рөлін атап өтті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері басшыларының бейресми кездесуі аясында Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің маңыздылығына тоқталып: «Бұл көлік дәлізін жүзеге асыруда  Қазақстан-Түркіменстан-Иран  маңызды рөл атқарады. Тоқаев өңірдегі көлік-логистикалық жобалардың тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастықтың жаңа тетіктері мен нысандары қажеттігін қуаттап: «Жақын арада ТМД қоғамында бақылаушылар институтын құру және бірлескен ынтымақтастық туралы құжаттарды дайындау басталады»,- деді. Тоқаев: «ТМД елдері азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері саласында да өзара іс-қимыл жасауы қажет»,- деп баса айтты.