Қаң 27, 2023 14:47 Asia/Almaty
  • Жақында Иран-Қазақстан бірлескен палатасының коммерциялық кеңсесі ашылады

Иран-Қазақстан ортақ палатасының басшысы Алматыда Иран-Қазақстан ортақ палатасының коммерциялық кеңсесінің ашылатынын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Амир Абеди кеше бейсенбі күні 18-ші Иран-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық басқосу құжат жобасының сарапшылық отырысында оның жұмыс тобының жетекшісі ретінде Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың даму мүмкіндіктеріне тоқтала отырып, бұл елдің нарығын Иран үшін стратегиялық бағыт ретінде атап: «Жақында Алматыда Иран-Қазақстан бірлескен сауда палатасының коммерциялық кеңсесі ашылады»,- деді.

Кәсіпкерлік саясатты дамыту ұйымы бас директорының орынбасары да екі елдің іскерлік конференциясында іскерлік делегациялардың тұрақты алмасу бағдарламаларын ерекше атап өтті. Сондай-ақ Иран палатасының жеке сектор компанияларының бірқатары Иран мен Қазақстанның ортақ палатасымен ынтымақтастықта өткен бұл отырыста іскерлік конференция мен бетпе-бет іскерлік келіссөздер жүргізілді.

Тегтер