Қазақстан елшісі Шариф технологиялық университетімен ғылыми-технологиялық әріптестікті дамыту керегін айтты
Қазақстан елшісі Шариф технологиялық университетіне барып, осы университет пен Қазақстандағы беделді оқу орындары арасында ғылым мен технология саласында әріптестікті дамыту керегін баса айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Ирандағы Қазақстан елшісі Асқат Оразбай мен оның кеңесшісі Дәуірбек Дүйсебай Шариф технологиялық университетіне барды.
Шариф университеті мен Қазақстандағы беделді оқу орындары арасында ғылым мен технология саласында ынтымақтастықты дамыту мақсатында университет ректоры Расул Джалили, халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Масихи және бір топ ұстаздың қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыста ұстаз және студентпен алмасу, Қазақстандағы беделді оқу орындарымен бірлесе жоба орындау және Киш халықаралық оқу орталығында екі елге жарамды сертификат берілетін курстарды өткізу сияқты тақырыптар талқыланды.