Тоқаев пен Зеленский кеңесінің негізгі тақырыбы - аймақтық жағдай
Ақп 18, 2023 12:07 Asia/Almaty
Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесіп, аймақтық жағдайлар мен гуманитарлық мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасымен Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен кезде Қазақстанның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың танылған нормалары негізінде Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу ұстанымын растады.
Өткен жылдың қараша айында Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысында Қазақстан президенті Украина мәселесін бейбіт жолмен шешу қажеттігін айтып: «Әр соғыс бейбіт келіссөздермен аяқталады»,- деді.