Қазақстан Қытайдың Украина дағдарысын шешуге қатысты позициясын қолдады
Ақп 26, 2023 21:39 Asia/Almaty
Қазақстан СІМ Қытайдың Украина дағдарысы мен соғысын шешуге қатысты позициясын қолдады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан СІМ жексенбі күнгі мәлімдемесінде: "Қазақстан Қытайдың Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге қатысты позициясын қолдайды. Өйткені соғысты БҰҰ жарғысына сәйкес мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтай отырып тоқтату ұсынылған",-деді.
Қазақстан СІМ қақтығысушы тараптарды ізгі ниет білдіріп, жауластықты тоқтатып, тез арада келіссөздерді бастауға шақырып, халықаралық қауымдастықтан осы мәселенің дипломатиялық жолмен шешілуіне жағдай жасауға шақырды.