Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда өтетін сайлауды бақылайды
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 400-ге жуық бақылаушысы Қазақстанда өтетін парламенттік сайлауға бақылау жасауға келеді",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Роман Василенко: "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларының алғашқы есебіне сәйкес, халықаралық сарапшылар Қазақстанда сайлау жүйесінде жасалған өзгерістерді оң бағалады",-деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының назар аударуы – Қазақстанның осы ұйыммен белсенді әрі қырағы әріптестігінің нәтижесі. Осы өзара әріптестік болашақта да жалғаса береді.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары: "Бұл әлемдік қауымдастықтың Қазақстанда жасалған ауқымды өзгерістерді қолдайтынын көрсетті",-деді.