Мамыр айынан бастап Қазақстанда мұнай өндірісі азаяды
(last modified Mon, 03 Apr 2023 15:19:30 GMT )
Сәу 03, 2023 21:19 Asia/Almaty
  • Мамыр айынан бастап Қазақстанда мұнай өндірісі азаяды

Қазақстанның Энергетика министрлігі: "Қазақстан OPEC-ке мүше елдермен бірге 2023 жылы мамыр айында мұнай өндірісін азайтуды көздеп отыр",-деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мұнай өндірісін күніне 78 мың баррельге азайтуды көздеп отыр. Бұл 2022 жылы 5 қазанда OPEC+ Сыртқы істер министрлерінің 33-ші отырысында қабылданған алдын алу шарасы болып табылады. Бұған дейін бұл аптада мұнай бағасы өседі деп хабарланған болатын.

Өткен желтоқсанда OPEC+ елдері  қазан айында қабылданған мұнай өндіру бағдарламасын орындауға шешім қабылдады. Ол бойынша мұнай өндірісін күніне 2 млн баррельден асырмау көзделген. Келесі отырыс 2023 жылы 4 маусымда өтеді.

Тегтер