Иранның жаңа елшісі Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсырды
(last modified Fri, 07 Apr 2023 11:32:58 GMT )
Сәу 07, 2023 17:32 Asia/Almaty
  • Иранның жаңа елшісі Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсырды

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы жаңа елшісі осы елдің президентіне сенім грамотасын тапсырды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлиакбар Джокар бейсенбі күні осы елдің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен  кездесуінде сенім грамотасын тапсырды. Қазақстан президенті Иранның осы елдегі жаңа елшісі қызметіне сәттілік тіледі.

Иранның Қазақстандағы жаңа елшісі бұл қызметке дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа екінші департаментінің басшысы болған. Бұл ирандық дипломат сонымен қатар ИИР-ның Прагадағы уақытша сенімді өкілі және елшісі, Иран Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік және Шығыс Еуропа бірінші департаментінің басшысы, Армениядағы Иран елшілігінің орынбасары, Каспий теңізінің арнайы өкілінің кеңесшісі және Сыртқы істер министрлігінің екінші Достастық департаменті директорының орынбасары, Мәскеудегі Иран елшілігінің сарапшысы және Саяси және халықаралық зерттеулер орталығының аға сарапшысы қызметтерді атқарған.