Сәу 24, 2023 15:08 Asia/Almaty
  • Алматыда парсы тілінен олимпиада өтті

Кеше, сәуірдің 22 күні Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы мен Астана қалаларының жоғары оқу орындарында парсы тілін екінші шет тілі ретінде оқитын студенттер арасында тілдік олимпиада өтті.

Іс-шараны Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Алматыдағы ИИР Бас консулдығының мәдени өкілдігі және «Сағди» қорының Алматыдағы өкілдігі ұйымдастырды.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фақани, Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының атташесі доктор Хоссейн Ағазаде, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Жұмақұлов Закир Даниярович, Филология институтының директоры Ашинова Күнипа Ахатовна, кафедра меңгерушілері, оқытушылар, студенттер және Қазақстанның жоғары оқу орындарының парсы тілі мен әдебиетінің оқытушылары, ирантанушылар, аудармашылар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ пен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Парсы тілінен тілдік олимпиада

Олимпиада өте жоғары деңгейде өтті. Қатысқан студенттердің сынақ нәтижелері негізінде жеңімпаздар анықталды.

2 курс арасында өткен сайыста 

1-орын:  Слам Аякөз,   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

2-орын: Базарбайқызы Аяжан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.

3-орын: Асан Бекзат Бегалыұлы,  Гумилев ат. ЕҰУ.

3-орын: Рахметова Мөлдір Нүркенқызы, Әл Фараби ат. ҚазҰУ.

3-орын: Абдрахман Райжан Ақжолқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

 

3 курс арасында өткен сайыста 

1-орын: Абдихалиқ Мәдина Жолдасбекқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

2–орын: Шермат Ғазиза Бахадурқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

 

4 курс арасында өткен сайыста 

1-орын:   Мухаммет Балжан Матигулқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 

2-орын:   Тәңірберген Жаңылхан, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 

 

Олимпиадаға қатысқан студенттерге халықаралық деңгейде  сертификат  және сыйлықтар берілді. Сондай-ақ Филология  институтының директоры  К.А. Ашинова осы тілдік олимпиаданы шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырғаны үшін Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени өкілдігі   басшысы Хоссейн Ағазадэге және  осы олимпиаданың әділ-қазылар алқасының мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің PhD докторы  Б.Ш.Батырханға университет басшысы тарапынан Алғыс хат табыстады. 

Тегтер