Раиси: Иран мен Қазақстанның сауда қарым-қатынасын кеңейту керек
(last modified Thu, 27 Apr 2023 11:01:15 GMT )
Сәу 27, 2023 17:01 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Қазақстанның сауда қарым-қатынасын кеңейту керек

Иран Президенті: "Өткен жылы Иран мен Қазақстан арасында сауда қарым-қатынасының айтарлықтай дамуы бұрынғымен салыстырғанда жағдайды өзгерткенімен бұл деңгей екі елдің әлеуеттеріне сай емес. Сондықтан оны жоғарылатуға талпынуымыз керек",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловпен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасын дамыту керегін атап өтті.

Қазақстан Премьер-министрі Иран мен Қазақстан басшылары арасында қол қойылған келісімдердің орындалу барысымен танысу үшін Теһранға келді.

Орталық Азиядан Парсы шығанағына дейінгі тразиттік инфрақұрылымдарға инвестиция салу, сауда әріптестігін жеңілдету үшін тасымалды дамыту, ауыл шаруашылығы саласында әріптестікті арттыру, ақша жіберу және банк саласында инновациялық механизмдерді пайдалану мәселелері Раисидің Қазақстан Премьер-министрімен кездесуінде талқылаған тақырыптары болды.

Раиси сондай-ақ Иран мен Қазақстан арасында мәдени-өркениеттік байланыстарды дамытуға көңіл бөлуді сұрап, осы салада қарым-қатынасты арттыру үшін ортақ мәдени комитет құру керегін айтты.

Қазақстан Премьер-министрі де өз елінің ИИР-мен сауда-экономикалық салаға инвестиция салуға және қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуге қызығатынын айтып: "Екі елдің сауда-саттық көлемі қолда бар әлеуеттерге сай емес. Сол сбеепті болашақта ынтымақтастықты дамыту үшін жол картасын дайындадық",-деді.

Тегтер