Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге келісті
(last modified Sun, 07 May 2023 12:56:13 GMT )
Maм 07, 2023 18:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге келісті

Қазақстан мен Өзбекстанның Премьер-министрлері екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге келісті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ташкент қаласында кездесіп, екі ел ынтымақтастығы, соның ішінде сауда, өнеркәсіп, инвестиция, энергетика, логистика, трансшекаралық су көздерін пайдалану және мәдени байланысты нығайту салаларына қатысты ортақ қадамдарды талқылады.

Смайылов осы кездесуде: "Өзбекстан – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі елдің сауда айналымы 2022 жылы 5 млрд долларға жетті",-деді.

Абдулла Арипов осы кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық қатынасты одан ары нығайту үшін жоғары әлеуеттің барын айтып: "Өзбекстанның мақсаты – сауда, энергетика, тасымал, ауыл шаруашылығы, суды басқару және басқа да салаларда өзара ынтымақтастықты одан ары нығайту",-деді.

Ал бұл жағдайда Өзбекстанда Қазақстанның инвестициясымен 260 компания құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сауда, тамақ өнеркәсібі, металлургия және көлік жасау салаларында жұмыс істеп жатыр.