Сәуір айында Қазақстаннан Бакуге мұнай экспорты 75 пайызға артты
Сәуір айында Қазақстаннан Баку айлағына мұнай экспорттау көлемі 75 пайызға артты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтау айлағынан мұнай экспорттау көлемінің артуының себебі Баку айлағына шикі мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюы болып отыр. Бұрын көлем 87 мың тонна болса, енді 152,4 тонна мұнайға жетті. 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 75 пайызға артқан.
Жалпы сәуір айында Ақтау айлағынан мұнай экспорттау көлемі 60,5 тоннаға, яғни 24 пайызға артып, 312,6 мың тоннаға жетті.
Мұнымен қоса, сәуір айында Ақтаудан Махачкала айлағына 160,2 мың тонна мұнай жөнелтілді. Бұған дейін Қазмұнайгаз компаниясы мен Әзірбайжанның SOCAR мұнай компаниясы бір келісімшартқа қол қойды. Ол бойынша, жылына 1,5 млн тонна мұнай Теңіз кен орнынан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданады.