Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен кездесті
(last modified Sat, 10 Jun 2023 08:53:47 GMT )
Маусым 10, 2023 14:53 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның бірқатар өкілдерімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынас пен өңірлік мәселелерді талқылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Азия және Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Армида Алисджабана және Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчамен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Ивана Живкович кеше Астанада кездесіп, әңгімелесті.

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның бейбітшілікті нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқтала отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жан-жақты реформалар жүргізуді және осы ұйымның өкілдігін дамытуды қажет деп атады.

Тегтер