Абай облысындағы өрт
Маусым 10, 2023 20:47 Asia/Almaty
Абай облысындағы өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды, жағдай тұрақталып келеді - Әкімдік.
Министр Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша күштер мен құралдар бөлді.
Сондай-ақ Қызылорда облысынан 1 тікұшақ жіберілетін болады.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 800-ге жуық адам, шамамен 200-техника жұмылдырылған.
8 тікұшақ тартылды. Өрт ошақтарына әуеден 99 рет жалпы көлемі 275,5 тонна су төгілді.