Қазақстан Астана отырысын өткізуге дайындығын мәлімдеді
(last modified Sat, 24 Jun 2023 12:27:54 GMT )
Маусым 24, 2023 18:27 Asia/Almaty
  •  Қазақстан Астана отырысын өткізуге дайындығын мәлімдеді

Кездесуге қатысушылар келіссе, Қазақстан Астана отырысын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кеше Сирия бойынша 20-шы Астана халықаралық конференциясының қорытындысына тоқталып: «Сирия бойынша Астанадағы халықаралық кездесулерге қатысушылар осы елде келіссөздерді жалғастыруды бірауыздан талап етсе, бұл ел келіссөздерді қайтадан өткізуге дайын»,- деп мәлімдеме жасады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі деэскалация аймақтарын құру, қақтығысушы тараптар арасындағы қантөгісті тоқтату және ірі гуманитарлық дағдарыстың алдын алуды жуырдағы кездесудегі басты мәселе ретінде сипаттады. Бұл мәлімдемеде Сирияның Араб Лигасына мүшелік мерзімін ұзарту мәселесін ескере отырып, араб елдері мен Дамаск арасындағы қарым-қатынастарды орнатуға деген ықылас білдіре отырып, 20-шы Астана кездесуінің мазмұны сипатталған. Ол Сирияның оқшауланудан біртіндеп шығуын Астана кездесуінің сәтті өткенінің белгісі деп санады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш бұған дейін Сирияға қатысты Астана процесі ресми түрде аяқталғанын және бұл кездесу Астана процесінің соңы болуы мүмкін екенін айтты.