Шіл 08, 2023 19:03 Asia/Almaty
  • Жапония 8 миллиард доллар инвестициямен Қазақстан экономикасында 10-шы орында

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония-Қазақстан достығы парламенттік одағының басшысы Тосиаки Эндомен кездесті.


 

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және парламенттік өзара іс-қимылды нығайтудың негізгі мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы 2 миллиард долларлық қаржы айналымына  және сауда-инвестициялық өзара іс-қимылдағы айтарлықтай мүмкіндіктерге тоқталып, Астананың жаңа экономикалық ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді. Ол: " Елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасына 10 ірі инвестордың бірі болып табылады",- деді.

Тосиаки Эндо Жапония парламентінің Қазақстанмен барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

 

Тегтер