Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның бірқатар елінде болған Құранды өртеу актілерін сынады
(last modified Wed, 26 Jul 2023 11:08:18 GMT )
Шіл 26, 2023 17:08 Asia/Almaty
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның бірқатар елінде болған Құранды өртеу актілерін сынады

Ақорданың хабарлауынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елде Құранды өртеу актілеріне қатысты пікір білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу актілерін қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіруге, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық әрекет деп санайды.

Қазақстан – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізуге бастамашы болған мемлекет. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді әрі табысты диалог алаңына айналды. Қазақстан Президентінің пікірінше, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді. Бұл жалпыға ортақ нормаларға қайшы келетін акциялар ретінде бірауыздан айыпталуға тиіс.

БҰҰ Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын білдіруі керек.