Қыр 02, 2023 14:55 Asia/Almaty
  • Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы референдум өтеді

Қазақстан елдегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешімді референдумға шығарады.

 

Shafaqna ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше осы елде атом электр стансасын салу туралы референдум өтетінін жариялап, дауыс беру күнін жариялауды болашаққа қалдырды.

Қазақстан үкіметі электр энергиясын өндіру мақсатында атом электр стансасын салуды көптен бері жоспарлап келеді. Қазақстан билігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағында бұл электр стансасының құрылыс алаңын қарастырып, бұл нысанның құрылысшысы ретінде ресейлік «Росатом» компаниясын таңдады.

"Бір жағынан, Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде өзінің ядролық қуатына ие болуы керек",- деді Тоқаев. Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен кейбір сарапшылар атом электр станцияларының қауіпсіздігіне алаңдайды.

Кейбір белсенділер бұл жоспарға қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның кеңестік ядролық қаруды сынақтан өткізген полигоны ретіндегі тарихына байланысты қарсы.

 

Тегтер